ВЕБ-САЙТТЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ МЕН ШАРТТАРЫ


Маңызды ақпарат

Веб-сайтымызға кіргеніңіз үшін алғыс айтамыз. Сайтты пайдалануды бастамас бұрын осы ережелер мен шарттарды оқып шығуыңызды сұраймыз. Веб-сайтты Алматы қ., Наурызбай батыр көшесі, 8 мекенжайы бойынша тіркелген Л'ОРЕАЛЬ ҚАЗАҚСТАН ЖШС басқарады. Бұл сайтты пайдалана отырып, сіз L’Oreal компаниясы сайтқа қатынау мүмкіндігін беру үшін ұсынатын шарттарды мойындайсыз. L’Oreal компаниясы сайтты пайдалану шарттарын мезгіл-мезгіл өзгертуі мүмкін, сондықтан сайтқа кірген сайын бұл шарттарды жаңадан қарап тұрыңыз. Шарттарды қабылдағыңыз келмеген жағдайда, бұл сайтты қолданбасаңыз болады. L’Oreal компаниясы өткізетін конкурстар мен өзге шаралардың шарттары бөлек жарияланады.

 

Кепілсіз

 L’Oreal компаниясы, мүмкіндігінше, веб-сайтта жарияланатын ақпараттың нақтылығын қамтамасыз етуге ынталы. Бұл ретте L’Oreal компаниясы веб-сайтта жарияланған барлық деректердің нақтылығына, уақтылығына немесе толықтығына кепілдік бермейді.

 

Веб-сайттағы сілтемелер

 Веб-сайттар мен парақшалар, және оларға апаратын сілтемелер ақпараттық мақсаттарда ғана қолданылған және L’Oreal компаниясы тарапынан кеңес етілмейді. L’Oreal компаниясы осы парақшалар немесе веб-сайттарда жарияланған ақпарат үшін жауап бермейді, сондай-ақ пайдаланушының аталмыш сілтемелер арқылы бұл веб-сайттарға кіруі нәтижесінде туындаған қандай да залал үшін жауап бермейді.

 

Зияткерлік меншік

 Веб-сайт, соның ішінде мәтіндерден, бағдарламалық жасақтамадан, бейне материалдардан, музыкадан, дыбыстық өңдеуден, графикадан, фотосуреттерден, суреттерден, атаулардан, логотиптерден, сауда маркаларынан, фирмалық маркалардан және өзге материалдардан («Құрамы») тұратын (бірақ олармен шектелмейтін) веб-сайт авторлық құқықты қорғау туралы заңмен қорғалған. Веб сайттың құрамы L’Oreal компаниясының меншікті ақпаратынан ғана емес, сондай-ақ үшінші тараптарға тиесілі (немесе олардың бақылауындағы) және L’Oreal компаниясы лицензиялаған ақпараттан да тұрады. Веб-сайттың мақалалары, есептері мен өзге элементтері авторлық құқықпен қорғалған. Сіз бұл сайтта қабылданған құқықтар мен шектеулерді сақтауға келісім бересіз.

 Сіз L’Oreal компаниясының алдын-ала жазбаша келісімінсіз L’Oreal компаниясының ешбір сауда маркасын немесе атауын пайдалана алмайсыз және бұл атаулар мен сауда маркаларына қатысты құқығыңыздың жоқтығын мойындайсыз.

 Веб-сайтқа қандай да тараптың рұқсатсыз қатынау немесе пайдалану жайттары жайлы, сондай-ақ біздің веб-сайтымыз немесе онда жарияланған ақпараттың қандай да басқа тараптың авторлық құқығын, шарттық талаптарын немесе өзге құқықтарын бұзатыны жайлы L’Oreal компаниясын жазбаша түрде хабардар етуге келісесіз.

 

Ақпаратты жүктеу лицензиясы мен құқықтары

 Веб-сайтты мәлім болған ережелер мен шарттарға сәйкес қолдану және осы шарттарға сәйкес ақпаратты жариялау бойынша шектелген құқықтан басқа, Сіз осы веб-сайтқа және/немесе оның контентіне қатысты ешқандай құқықтарды немесе рұқсаттарды алмайсыз. Біздің веб-сайтымыздың кез келген компоненттерін көшірмелеуге, қайталауға, біріктіруге, ішінара қолдануға, өзгертуге, түрлендіруге, туынды жұмыстарды орындау үшін жүктеуге, эфирге таратуға немесе өзге жолмен қолдануға құқығыңыз жоқ.

 

L’Oreal компаниясы келесі шарттармен ғана веб-сайттың құрамын жүктеуге рұқсат береді:

1. жүктелген материалдың бір ғана данасы басып шығарылады;

2. жүктелген және/немесе басып шығарылған материал коммерциялық емес, жеке мақсаттарда ғана қолданылады;

3. сіз жүктеп алған және/немесе басып шығарған материалға байланысты барлық авторлық құқықтарды мойындайсыз және материалды бұдан әрі пайдаланған кезде бұл құқықтарды бұзбауға міндет аласыз.

Бұдан басқа, веб-сайттың немесе оның бір бөлігінің құрамын сатуға немесе радио, теледидар, компьютерлік желі арқылы немесе басқа да жолмен таратуға болмайды. Осы веб-сайттың элементтерін басқа веб-сайттың элементтері ретінде қолдана алмайсыз, гиперсілтеме арқылы немесе қандай да басқа жолмен Ғаламтор желісінде қолжетімді ете алмайсыз. Бұл веб-сайт пен онда жарияланған ақпаратты қандай да дерекқорлар құру үшін, сондай-ақ бұл сайтқа сіздің немесе үшінші тұлғалардың қатынауы үшін немесе осы веб-сайттың құрамынан толық немесе ішінара тұратын дерекқорлары бар қандай да веб-сайттарды тарату үшін сақтай алмайсыз (толық немесе ішінара).

 

Рұқсаттар

Егер де сайттың құрамын пайдалану немесе өз веб-сайтыңыздан осы веб-сайтқа апаратын сілтемені орнату үшін L’Oreal компаниясының рұқсаты қажет болса, тиісті сілтеме арқылы өтіп, электрондық поштамен сұрау салыңыз.

 

Ешқандай кепілсіз

 Веб-сайт пен оның құрамы қандай да анық немесе тұспалданатын кепілсіз, соның ішінде атауға, тауар күйіне, қанағаттанарлық сапаға, ерекше қолдану үшін жарамдылыққа және үшінші тараптардың меншік құқықтарын сақтауға байланысты кепілсіз беріледі. L’Oreal компаниясы веб-сайттың қызметі үшін ешқандай жауапкершілікті тартпайды, сондай-ақ веб-сайттың тоқтаусыз немесе ақаусыз жұмыс істейтініне және ақаулардың түзетілетініне кепілдік бермейді. Кейбір заңдардың тұспалданатын кепілдіктерге рұқсат бермейтініне назар аударыңыз, сондықтан аталып өткен өзгешеліктер (немесе олардың бір бөлігі) сізге қатысты емес.

 L’Oreal компаниясы сіздің компьютерлік жабдығыңыздың веб-сайтпен үйлесімдігіне, сондай-ақ веб-сайттың ақаулар мен вирустардан, «құрттар» немесе «троян аттарынан» қорғалатынына кепілдік бермейді. L’Oreal компаниясы осындай деструктивті функциялардан шегуіңіз мүмкін залал үшін жауап бермейді.

L’Oreal компаниясы веб-сайтқа үшінші тұлғалардың берген ақпараты үшін, сіздің веб-сайтқа қатынауыңызды қамтамасыз ететін телефондық желілер мен жабдықтың жағдайы үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді.

 

Аталып өткен шарттар сіздің заңмен қарастырылған тұтынушылық құқықтарыңызға ешқандай жолмен шек қоймайды.

 

Жауапкершілікті шектеу

 Сіз осы веб-сайт пен оның құрамын тәуекелге бас тіге отырып қолданатыныңызды түсінесіз. Веб-сайтқа, оның құрамы мен қолдану шарттарына көңіліңіз толмаса, сайтты қолдануды тоқтатсаңыз болады.

L’Oreal компаниясының немқұрайлығы салдарынан орын алған алаяқтық жағдайларын, жарақат алу немесе өлім жағдайларын санамағанда, L’Oreal компаниясы мұндай зиянды келтіру ықтималдығы жөнінде ескертілген жағдайларға қарамастан, компания тікелей, жанама, ерекше, кездейсоқ немесе қосымша зиян, айыппұлдар, ұтылған пайда немесе қандай да өзге залал үшін ешқандай жауапкершілік көтермейді. Қолданыстағы заңнама кездейсоқ немесе қосымша залал үшін жауапкершіліктің шектелуіне немесе жоққа шығарылуына рұқсат бермейді, сондықтан аталған шектеу және жоққа шығару сізге таралмайды.

 

Жергілікті заңдар мен ерекшеліктер

 Тұратын елінің заңы қандай бір да себептерге байланысты осы веб-сайттың материалдарын қолдануға немесе оған қатынауға рұқсат бермеген тұлғалар үшін бұл веб-сайт тағайындалмаған. Бұлардың қатарына кіретін тұлғалар осы веб-сайтты пайдаланбауы тиіс.

 L’Oreal компаниясы веб-сайтының немесе оның құрамының барлық елдердің жергілікті заңдары бойынша қатынау үшін ашықтығы жөнінде хабарсыз. Веб-сайтқа кіретін тұлғалар бұны өз еркімен жасайды және жергілікті заңдары мен ережелерін орындау үшін өзі жауапкершілік көтереді. Қандай да күмәніңіз болған жағдайда, заңгердің кеңесін алыңыз.

 

Залал бойынша кепілдер

 Сіз L’Oreal компаниясына, оның қызметкерлеріне, өкілдері мен агенттеріне үшінші тараптардың қандай да талаптары немесе әрекеттері нәтижесінде келтірілген залалды немесе зиянды мұндай талаптар, шағымдар немесе L’Oreal компаниясына, оның қызметкерлеріне, өкілдеріне, жеткізушілеріне немесе агенттеріне қатысты жасалған өзге әрекеттер келесі жағдайларға байланысты орын алған жағдайларда, өтеуге келісесіз:

1) веб-сайтты пайдалануыңыз;

2) ережелер мен шарттарды бұзуыңыз;

3) веб-сайтты пайдалануыңыз:

(аа) қандай да тараптың зияткерлік меншік, жеке адам немесе құпиялылық құқығын бұзуы және;

(бб) ғайбатқа немесе тіл тигізгенге әкеп соғуы, қандай да үшінші тараптың мүдделеріне зиян келтірді деген шағымдар;

4) сіздің веб сайтта тыйым салынған жоюларды, қосуларды, енгізулерді немесе өзгертулерді орындауыңыз; немесе:

5) осында аталып өткен міндеттемелердің немесе кепілдердің бұрмалануы немесе бұзылуы.

 Веб сайтты пайдалану бойынша келтірілген ережелер, қандай да үшінші тарап осы веб-сайтқа сіздің компьютеріңізден кірген жағдайда, осы үшінші тараптың веб сайтты пайдалануына да таралады.

 Сіз үшінші тараптың шағымдарына, үшінші тараптың шығарған талаптарына қатысты қуынымдарына байланысты L’Oreal фирмасына, оның қызметкерлеріне, өкілдеріне немесе агенттеріне тағылған кез келген шығындардың, залалдың немесе ысыраптың (заңмен қарастырылған сыйақыны да қоса) орнын толтыруға келісім бересіз.

 

Шарттық қарым-қатынастарды тоқтату

 Сіз де, L’Oreal компаниясы да кез келген уақытта шарттық қарым-қатынастарды тоқтатып, бұның себептерін түсіндіруге немесе түсіндірмеуге құқылысыз. Егер мұндай шешімді L’Oreal компаниясы қабылдаса, онда компания бұл жөнінде электрондық поштамен тіркеу кезінде енгізген мекенжайыңызға хабарлама жібереді, сіз бұл хабарламаны жіберілген сәтінен бастап бір сағаттың ішінде аласыз. Сол сәттен бастап шарттық қарым-қатынастар тоқтатылған болып саналады. Сіз электрондық поштаңыздың мекенжайы өзгергендігі жөнінде бізді хабардар етуге міндеттісіз. Тиісті сілтеме арқылы өтіп, электрондық поштамен хабарлама жіберу арқылы шартты бұза аласыз. Қарым-қатынастар аяқталғаннан соң сіз біздің веб-сайттан алған барлық материалдар мен сайт құрамын жоюға міндеттісіз.

 

Веб-сайттағы өзгерістер

 Сіз L’Oreal компаниясы кез келген уақытта өзінің қарауынша веб-сайттың құрамына немесе оның кез келген бөліміндегі техникалық ерекшеліктеріне өзгеріс енгізуге құқылы екендігімен келісесіз. Сіз мұндай өзгертулер сіздің веб-сайтқа қатынауыңызды қиындата түсуін немесе оны мүмкін етпеуін ұйғара аласыз.

 

Құқықтан бас тарту

 L’Oreal компаниясының осы шарттардан туындайтын қандай да міндеттемелердің бұзылғанынан қандай да бас тартуы өзге міндеттемелерден бас тартуына әкеп соқпайды, сол сияқты L’Oreal компаниясының қандай да қызметті толық немесе ішінара жүзеге асыруға қабілетсіздігі басқа кез келген қызметтерді орындаудан бас тартуына әкеп соқпайды.

 Мен осы құжатпен (тиісті бағанда құсбелгі қою арқылы) «Л’Ореаль Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (БСН 090140005307Я; заңды мекенжайы: 050063, Алматы қ., Наурызбай батыр к., 8) (бұдан әрі – Компания) келесі жеке деректерді өңдеуіне электрондық үлгіде келісім беремін: аты-жөні, туылған күні, айы, жылы, индекс, электрондық пошта мекенжайы, ұялы телефон нөмірі, Maybelline тауар белгісі бар өнімді қолдану фактісі.

 Компания статистикалық және өзге зерттеулер жүргізу, электрондық поштамен немесе смс-хабарламалар көмегімен ақпараттық және жарнамалық жіберілімдерді жолдау, сайт пайдаланушыларының жұмысына мониторинг жүргізу, сондай-ақ жарнамалық сипаты бар конкурстық бағдарламаларға, ынталандырушы шараларға қатысу, www.maybelline.com.ru сайтымен көзделген сервистерді пайдалану арқылы тұтынушылармен тікелей байланыс орнату жолымен Maybelline тауар белгісі бар өнімді нарықта ілгері жылжыту мақсатында аталған жеке деректерді өңдейді.

 Жеке деректерді өңдеу деп жеке деректерді автоматтандыру құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылатын кез келген әрекетті (операцияны) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығын айтамыз, соның ішінде жеке деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), шығару, пайдалану, үшінші тұлғаларға беру (тарату, ұсыну, қолжетімді ету), соның ішінде деректерді трансшекаралық тарату, тұлғасыздандыру, оқшау қою, өшіру, жою.

Мен осы Келісімнің әрекет ету мерзімінсіз берілгендігін және [email protected] электрондық пошта мекенжайына электрондық хат жіберу арқылы қайтарылуы мүмкін екендігін растаймын.

Бұл жағдайда Компания өңдеуді тоқтатып, тиісті қайтару хабарламасын алған күннен бастап 30 (отыз) күнге дейінгі мерзімде жеке деректерді жояды.


ҚҰПИЯЛЫҚ

ИНТЕРНЕТ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ШАРТТАРЫ


Бұл веб-сайт Л'ОРЕАЛЬ ҚАЗАҚСТАН ЖШС компаниясының меншігі болып табылады, және веб-сайтқа кіруші әр тұлғаның құпиялық құқығын құрметтейді. Біздің қызметімізге 2015 жылғы 17 қарашадағы «Жеке деректер мен оларды қорғау туралы» № 408-V ҚР Заңының күші таралады. Бұл заң деректерге сұрау салу тәртібін және мұндай ақпаратты пайдалану тәртібін белгілейді. Бұл заң біздің дерекқорымыздағы сізге қатысты ақпараттың барын және оның дұрыстығын тексеру жөніндегі құқығыңызды және бізден осындай ақпаратты дерекқорымыздан жою құқығыңызды көздейді.


1 Сіз жайлы ақпарат

Веб-сайтымызға кірген кезде өзіңізге қатысты сұрақтар қойылады. Аты-жөніңіз, мекенжайыңыз, телефоныңыздың нөмірі және электрондық поштаңыздың мекенжайы сұралады. Ешқандай ақпаратты сіздің келісіміңізсіз жинамаймыз. Сіз жайлы ақпарат конкурсты өткізген, жүлделер берген немесе ақысыз өнім үлгілерін таратқан жағдайларда қажет болуы мүмкін. Өзіңіз жайлы мұндай ақпаратты бермей, аталған мүмкіндіктерден айырыласыз.

2. Біз мұндай ақпаратты қалай қолданамыз

Сізден алынған ақпаратты мезгіл-мезгіл маркетинг мақсаттарында қолдануымыз мүмкін (мысалы, ерекше өнімді және қызметті әзірлеп, нарықта ілгері жылжыту үшін) немесе бұл ақпаратты мұқият тексерілген компаниялармен бөлісуіміз мүмкін. Сайтымызға келушілерден алынған деректер жаңа өнімдер мен қызметтерді әзірлеген кезде тұтынушылармен кері байланыс орнату мүмкіндігін береді. Біз құпиялық қағидаларын сақтаймыз және сіздің келісіміңізсіз қандай да бір үшінші тарапқа сіз жайлы ақпаратты ашпаймыз.

3. Қауіпсіздік

L’Oréal компаниясы сізден алған ақпараттың толық құпиялылығын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қолданады. Мұндай ақпаратқа қолы жететін L’Oréal агенттері немесе жеткізушілері оны жарияламаудың маңыздылығын жете түсінеді. Бізге берген деректердің көшірмесін алғыңыз келсе, немесе бұл деректерге қандай да түзетулер енгізгіңіз келсе, немесе тіпті бұл ақпараттың дерекқорымыздан өшірілуін қаласаңыз, мына мекенжайға хат жазуыңызды сұраймыз: Л'ОРЕАЛЬ Қазақстан ЖШС, Алматы қ., Наурызбай батыр к., 8. Сізге деректерді беру, сіз жайлы ақпаратты түзету немесе дерекқорымыздан жою жөніндегі кез келген талабыңызды орындаймыз.